Атырау, 26 тамыз 22:34
 дождьВ Атырау +28.5
$ 458.48
€ 534.68
₽ 5.43

Нұрлан Ноғаев Атырау облысының әкімі қызметінен кетеді

12 800 рет қаралды


Жаңа жыл қарсаңында Атырау облысына Астанадан тосын жаңалық келді – аймақ басшысы Нұрлан НОҒАЕВ өз қызметінен кетіп жатыр. 

«АЖ»-дың бейресми дереккөздері хабарлағандай, бүгін түстен кейін мұнайлы астанаға жаңа әкімді таныстыру үшін ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин келеді деп күтілуде. Нұрлан Ноғаевқа ҚР Энергетика министрінің креслосы ұсынылады-мыс.

Ноғаев 2016 жылғы 26 наурызда Атырау облысының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Батыс Қазақстан облысын басқарды. 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

18 желтоқсан 2019, 12:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.