Атырау, 23 қараша 20:31
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әуежайда абайсызда оқ атқан сержанттың ісі тоқтатылды

Бейнежазба
3 294 просмотра


Осыдан екі апта бұрын астана әуежайында авиациялық қауіпсіздік қызметі инспекторы қаруын тексеріп жатқанда байқаусызда оқ атылып, өзінің  үш әріптесін  жарақаттаған болатын. Бұл жағдай халықаралық Атырау әуежайында 29 наурызда болған оқиғаны еріксіз еске түсірді.  Сол кезде желілік полиция қызметкері Макаров тапаншасынан абайсызда оқ атып, күту залындағы әйелдің аяғын жаралап алған болатын. «АЖ» бұл оқиғаның немен аяқталғанын анықтап көрді.

Еске салайық, бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы (Салғырттық) бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Ал сержант болса, бірден «полиция қызметкерінің беделін түсіргені үшін» жұмыстан шығарылды. Сондай-ақ, Атырау облысы бойынша желілік полиция бөлімінің бірнеше басшылары өз лауызымдарынан босатылды.

Жарақаты ауыр болмағандықтан, зардап шегуші кінәліні кешірді. «АЖ» ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Атырау қалалық №2 соты ақталмайтын негіздер бойынша медиация тәртібімен қылмыстық істі тоқтатты.



Фархат ӘБІЛОВ

Сурет пен бейнежазба  «АЖ» мұрағатынан алынды

19 желтоқсан 2019, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.