Атырау, 23 қараша 19:01
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраудағы тірілей өртенген жануарлар туралы естіген Брижит Бардо "жағасын ұстады"

4 001 просмотра


Әлемдік кино жұлдызы және танымал жануарлар қорғаушысы Брижит БАРДО  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА ашық хат жариялады. Хатта иесіз иттер мен мысықтардың Атырауда жауыздықпен өлтірілетіндігі туралы айтылған.

«Жауыздыққа шек жоқ екен ғой! Кейбір, айталық, Атырау, Орал секілді қалаларда жантүршігерлік жағдайлар болып жатады екен, тіпті, тірі жануарларды өртеп жіберген! 21 ғасырда осындай азаптауларға жол беруге бола ма?»  - деп шошиды Бардо. Хатқа тиісті суреттер де жалғанған, сондай-ақ, Атырау мен Оралда төрт аяқтылардың денесін жансыздандырып, тірілей өртегені туралы да жазылған. Бұл материалдарды оның қорына шамасы жергілікті еріктілер жіберген болуы керек.

Брижит Бардо Қасым-Жомарт Тоқаевтан елде иесіз жануарларды өркениетті жүйе арқылы басқарып, зарарсыздандыру, таңбалау және қайырымды адамдарға беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Одан басқа ол өз қорының өкілін көмекке жіберуге де дайын екенін жазады.

Хат былай аяқталады: "Мен сізден тез және оң жауап күтемін.  Президент мырза, менің көңілімді қалдырмаңыз!  Үлкен үмітпен Брижит Бардо".

Айта кету керек, атыраулық "ит атушылар" жануарларды көшеде балалардың көзінше атып тастаудан да қаймықпайды.

Дайындаған  Анастасия АЛЮШИНА

Сурет «АЖ» мұрағатынан

17 желтоқсан 2019, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.