Құлсары қаласында келесі жылы жалпы құны 3,4 млрд теңге болатын автокөлік жолдарын қайта қалпына келтіру жобасы жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР мемлекеттік сатып алулар сайтында хабарланған.
5 «а», 4 және Автодорожник, Ақмешіт, Береке, Бірлік, Думан, Жадырасын, Мұнайшылар, Привокзальный және Самал ықшамаудандарында жолдар жаңартылады. Қайта жөнделетін жолдардың жалпы ұзындығы 34,4 шақырымды құрайды, ал жұмыс ұзақтығы 12 ай.
Еске салай кетейік, 2019 жылы Бейбарыс даңғылының 10 шақырымын қайта қалпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен 11,1 млрд теңге жұмсалды. Құны Құлсарыдағы жол жұмыстарына жақын жоба Құрманғазы көшесінде жүзеге асырылды. Мұнда көшенің көлік жүретін бөлігін күрделі жөндеу жұмыстарына 3,2 млрд теңге жұмсалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ