Атырау, 23 қараша 19:44
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

2020 жылға арналған Атырау бюджеті – 182 миллиард

4 218 просмотра


13 желтоқсанда қалалық мәслихат сессиясында мұнайлы астананың 2020 жылға арналған бюджеті қаралды. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Рулана ДОСҚАЛИЕВА баяндама жасады.

Келер жылы қалалық бюджеттің кіріс бөлігі 182,5 млрд теңге көлемінде, ал шығыс бөлігі облыстық бюджет алымдарын қоса есептегенде,  134,4 млрд теңге көлемінде жоспарланып отыр. 

Қалған қаражат келесі мақсаттарға бөлінген:

- тұрғын үй құрылысына, инженерлік коммуникациялар, қоғамдық көлікке -16 млрд 416 млн теңге;

- көшені жарықтандыру, санитарлық тазалау және дезинфекциялау, көгалдандыру, жол қауіпсіздігіне - 4 млрд 282 млн;

- мектептерді, балабақшаларды қамту, оқулықтар сатып алу, жетім балалардың қамқоршыларына, патронат тәрбиешілерге төлемдер, білім беру нысандарын күрделі жөндеуге - 20 млрд 677 млн;

- қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, үйде оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету, белгілі тұрағы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу және әйелдерге арналған дағдарыс орталығының қызметі - 2 млрд;

- мәдениет және спорт нысандарының жұмысына - 785 млн.



Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суреттерді түсірген автор

15 желтоқсан 2019, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.