Атырау, 23 қараша 20:30
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Нұрлан Ноғаев Телеграмм арқылы Атырау облысының тұрғындарымен қоштасты

4 726 просмотра


Атырау облысының бұрынғы әкімі Нұрлан НОҒАЕВ өңір тұрғындарымен әкімдіктің телеграмм-арнасында қоштасты.

«Құрметті Атырау облысының тұрғындары! Маған және әріптестеріме сенім білдіріп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын! Мен мұны бағалаймын. Сіздердің қолдауыңызды әрдайым сезініп отырдым. Қызмет барысында мен сіздердің мүдделеріңізге жүгініп, Елбасы мен Президенттің инфрақұрылымды жақсарту, әл-ауқатты арттыру, қауіпсіз орта құру және т.б. жөніндегі тапсырмаларын басшылыққа алдым. Сіздердің әрқайсыңыздың қолдауларыңызбен атқарған істеріміз аз емес деп есептеймін.  Қуанышта да, қиын сәттерде де біз бірге болдық. Алға қойылған мақсат-міндеттерді бірігіп шешіп, еліміздің игілігі үшін қызмет еттік. Егер қандай да бір себептермен сіздің сеніміңізді ақтамасам, кешірім өтінемін. Сіздерді және Атырау қаласында өтізген жылдарымды ұмытпаймын.         

Аса құрметпен,

Нұрлан Ноғаев".

Естеріңізге сала кетейік, облыстық әкімдіктің телеграмм-арнасы 2017 жылы құрылып, Атырау тұрғындарының коммуналдық-тұрғын үй мәселелері төңірегінде сұрақтарына жауап қайтаратын хаб ретінде қалыптасты. Қазір онда тұрғындардың сұрақтарына облыстық басқармалардың, қалалық бөлімдердің басшылары, аудан әкімдері және басқа шенеуніктер жауап береді. Сұрақтарға Ноғаевтың өзі де жауап қайтаратын. Чатта 14 660 адам тіркелген.

Жаңа әкім халықпен цифрлық байланысты жалғастыра ма, оны уақыт көрсетеді. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

19 желтоқсан 2019, 01:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.