Атырау, 1 маусым 19:47
 дождьВ Атырау +20.8
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Браконьерлерге мүйіз ғана керек болған

4 272 рет қаралды

Куәгерлер жолдаған сурет

14 желтоқсанға қараған түні Махамбет аудандық табиғи ресурстар бөлімінің, жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері және полиция жедел-алдын алу шарасы кезінде даладан күдікті машинаны байқап, соңына түскен. Қуғын барысында «Нива» терезесінен сыртқа қарай қапшық лақтырыпты, оның ішінен кесілген екі жұп ақбөкен мүйізі табылған.

- Үш ер адам ұсталды - екеуі Алмалы ауылынан және біреуі Атырау тұрғыны, оларда аңшы мылтығы болған. Рейдке қатысушылар браконьерлер келген жолмен екі шақырымдай жүріп, мүйіздері кесілген бір ақбөкенді тапты, екінші ақбөкен табылмады, - дейді облыстық аумақтық жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының орынбасары Арман МОЛДАШЕВ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 желтоқсан 2019, 13:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.