Мұнайлы астанада жеке сот орындаушылары көлік салығын қасақана төлемейтіндердің көліктерін тәркілеп жатыр. Жақында Атырау тұрғынынан «Toyota Land Cruiser» автокөлігі тәркіленді. Оның иесі үкіметке 3 миллион теңге қарыз.
- Көлік Полиция департаментінің айып тұрағына қойылды, иесі қарыздан құтылғанша осында тұрады, - деп хабарлады Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.
Бүгінде біздің өңірде көлік салығы бойынша 7128 борышкер есепте тұр, олар жалпы сомасы 282 млн теңге бережақ. Салық қызметкерлері қарызды мәжбүрлеп өндіріп алуды күтпей, өз еркімен өтеуді сұрайды.
Салық бойынша берешектің бар/жоғы туралы мына сілтеме бойынша өтіп, ҚР Мемлекеттік кіріс комитетінің сайтынан білуге болады.
Фархат ӘБІЛОВ