Атырау, 23 қараша 20:17
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Нұрлан Ноғаев: «Бізге сенбейді, міне, мәселе қайда?»

Сурет
3 970 просмотра


Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңір кәсіпкерлерімен дәстүрлі «галстуксыз» кездесу өткізді. Бұл жерде, әрине, тиісті ведомство басшысының кезекті баяндамасы емес, нақты жұмыс істейтін бизнесмендердің күнделікті мәселелері мен өзекті сұрақтары қызықты болды.


Атап айтқанда, кәсіпкерлік басқармасының басшысы Айқын Елеусізов шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 49 мыңнан асатынын мәлімдеді. Соңғы 7 жылда жергілікті бюджеттен ауыл кәсіпкерлерін қолдауға 2 357 млн теңге бөлініп, 700 жұмыс орны ашылды.

Содан кейін өздерін толғандырып жүрген нақты шаруаларын айтып келген галстук тақпаған адамдар микрофонға жақындады. Қызылқоға ауданындағы «Назгүл» шаруа қожалығының төрайымы Марзия ӘБІШЕВА биліктен қарапайым адамның қолынан келмейтін нәрсе сұрады:

- Мен Атырау-Қарабатан трассасы бойынан (Атырау қаласы шегінде) агрокешен құрылысын салып, Қызылқоға ауданынан келген етті өңдеп, оны қала тұрғындарына жеткізу үшін 1,5 га жер телімін алдым. Енді сізден бізге қажетті инфрақұрылымды салуыңызды сұраймын. Менің барлық құжаттарым дайын тұр.

- Біз кәсіпкерлердің бизнесінің дамуына мүдделіміз, себебі бұл қосымша салық базасы, жаңа жұмыс орындары, - деді Ноғаев.  - Инфрақұрылым өткізу мәселесіне келетін болсақ, қаражат талаптарға сәйкес іске асырылып жатқан бағдарламалар аясында бөлінетін болады.



Бұл мәселемен айналысуды өзінің орынбасары Әлібек НӘУТИЕВКЕ тапсырды.

Еділ СҰЛТАНОВ, «Алғабас» ЖШС:

- Біз көкөніс дақылдарын өсіреміз. Бірақ бізде су тапшылығы мәселесі бар. Зарослый өзегі бойында бізден басқа 20 шаруа қожалығы орналасқан. Сондықтан бізге биыл өте қиын болды, су жетіспеді, мәселенің уақытша ғана шешімі табылды. Бізде 50 адам жұмысқа  орналастырылды. Егер бұл мәселе шешілмесе, алға қарай біз бұл кәсіппен айналыса алмаймыз.

- Атырау облысында ұзындығы 1150 шақырым болатын 15 арна бар. Олардың барлығы республика балансында тұр. Осындай бірнеше шағымдардан кейін біз осы арналарды балансымызға беру туралы ұсыныспен Үкіметке шықтық. Қазір 14 арнаны өз балансымызға алдық, әзірге екеуін ғана іске қостық, тағы екеуінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазір басқа арналар бойынша құжаттар жасалуда. Осы каналдардың барлығы жөндеуден өткеннен кейін суды шаруалар және жайылымдық алқаптарға жеткізу мүмкіндігі пайда болады, - деді әкім.

А.Нәутиев:

- Жайықтың суы төмен болғандықтан, Зарослый арнасында да су аз. Бірақ қазір АТЭО арқылы су жеткізу үшін олармен келіссөз жүргізілуде.

Тиянақты шаруа адамы сұрағын нақтылай түсті: 

- Сонымен жұмыс істеуіміз керек пе, жоқ па? Егер су болмаса, онда ештеңе жоспарламаған жөн болар.

- Біз балық өсіру зауытының сорғысын ұсынамыз, оны өзенге қойып, су тартып алуға болады. Бұл мәселе қазір республикалық комитет деңгейінде шешілуде. Егер олар рұқсат етсе, онда Жайық өзенінен сорғы арқылы су өткіземіз. Бірақ әзірге рұқсат жоқ, - деп жауап берді Наукиев.

- Сіздерге нақты сұрақ қойылды – келесі жылы су бола ма әлде жоқ па?  Бұл үлкен жауапкершілік - егер сіз шеше алмасаңыздар, онда сіздер кінәлі боласыздар, - деп ескертті Ноғаев.

- Біздің қызметкерлер осы мәселелерді шешу үшін Астанаға барады, - деп жауап берді Наутиев.



«ҰРЛЫҚ ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗ АЛДЫНДА»

Исатай ауданындағы шаруалар да су мәселесін көтерді:

- Бізде соңғы екі жылда құрғақшылық орын алып отыр, жем-шөп дайындауға субсидия берілмейді. Бұл бірінші мәселе. Екіншісі – біздің мал Ақсай каналынан суарылады, бірақ шлюздердің жабылуына байланысты онда су өте аз. Биыл су тарифі көтерілді, шаруалар шөп дайындауға үлгере алмады, сондықтан біз шөпті Батыс Қазақстан облысынан жеткізіп отырмыз.

- Жем-шөп дайындау үшін субсидия бөлудің тоқтатылғанына үш жыл болды. Біз министрлікке, үкіметке бұл мәселені шешуді ұсынып келеміз, бірақ өкінішке орай қолдау болмай тұр, – деп жауап берді Ноғаев. – Сондықтан біз бюджеттік кодекске өзгерістер енгізуді ұсындық – егер республикалық бюджеттен қаражат бөлінбесе, онда оны жергілікті әкімдіктер жасасын.

Зарослый ықшамауданында тұрғын үйлердің құрылысын салған Асхат есімді кәсіпкер электр қуаты мәселесіне байланысты ол үйлерді тапсыра алмай отырғанына шағымданды.

- Иә, жақсы үйлер салдыңыздар, - деп атап өтті Ноғаев. - Жалпы, онда 320 млн теңгеге электр желілері жүргізілген, бірақ кабельдерді ұрлау фактілері өте көп. Қайта қаржыландыруға бізде мүмкіндік жоқ, бір жобаға екі рет ақша бөлуге болмайды. Қазір біз шешімнің түрлі тетіктерін қарастырудамыз. Тағы бір айта кетерлік жайт, барлық азаматтар жауапты болуы керек –  ұрылардың сол сымдарды алғанын біреу болмаса екіншісі көрді ғой. Қазір кәріз суларын тазалау құрылысы жүргізілуде - тағы да сол адамдар көмілген үлкен құбырларды ұрлайды. Ол үшін үлкен техника қажет, қолға ұстап кететін нәрсе емес. Осының бәрі біздің көз алдымызда жасалады. 

Кәсіпкерлердің бірі мемлекеттік органдарда «қарапайым» жеке кәсіпкерлердің өтініштеріне немқұрайлы қарайтынын айтты. Бұл сұраққа облыс әкімі ерекше көңіл бөлді:  

-Бұл шындық. Қазір осы жерде жүзге жуық кәсіпкер отыр. Ал мыңдаған адам келген де жоқ, себебі бізге сенім білдірмейді – мұндай жиналыстардың пайдасы қандай, онда ештеңе шешілмейді, барлығын жинайды да қояды деген сылтаулар келтіреді. Адамдар билікке сенбейді – міне, осы мәселені шешуіміз керек, әйтпесе бәрі бекер.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суреттерді түсірген автор

4 желтоқсан 2019, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.