Атырау, 23 қараша 20:19
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ботахан кен орнындағы оқиға полиция назарын аудартты

4 183 просмотра


«АЖ»-ға белгілі болғандай, 28 қарашада «ДоссорМұнайГаз» МГӨБ-нің Ботахан кен орнында қызметкер тұрғын ғимараттың 2-ші қабатынан құлап кеткен. «АЖ» тілшісі осы оқиғаға қатысты «ЕмбіМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметіне хабарласқан еді.

- Иә, осындай оқиға болды. 28 қарашада Ботахан кенішінде мердігер компания - «Медикер - өндірістік медицина» ЖШС-нің бізге медициналық қызмет көрсететін қызметкері ессіз күйде табылды. Алғашқы жәрдем көрсетілгеннен кейін зардап шегуші Доссор кентіндегі ауруханаға, сол жерден облыстық ауруханаға жеткізілді. Осы факт бойынша еңбек инспекциясы және аудандық полиция бөлімі жұмыс істеуде, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

«АЖ» мәліметтері бойынша, келесі күні кен орнына Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері келіп, осы жердегі қызметкерлерден жауап алған. Мұнайшылардың айтуынша, тәртіп сақшылары қылмыс болуы мүмкін екенін жоққа шығармаған: біреу әдейілеп ол адамды итеріп жіберуі және ол бақылау камерасына түсіп қалған болуы да мүмкін екен. Зардап шегушінің сау күйде болғаны да хабарланып отыр.

Фархат ӘБІЛОВ

6 желтоқсан 2019, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.