Атырау, 23 қараша 20:10
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Білімі сәйкес келмейтін шетелдіктер де жұмыс істеген

3 816 просмотра


Бас прокуратураның ұйғарымы бойынша жүргізілген тексеру барысында 16 кәсіпорында шетелдік және қазақстандық жұмысшылардың жалақысындағы айырмашылыққа қатысты 109 факт анықталды. Бұл туралы «АЖ»-ға Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ хабарлады.

42 кәсіпорынға жүргізілген тексеру нәтижесінде 14 компанияда 114 шетелдік жұмысшының білімі атқарған лауазымдарына сәйкес келмейтіні белгілі болды. Тағы 167 шетелдік құзіретті орган берген рұқсат құжатына сәйкес келмейтін лауазымдарда жұмыс істеген.

271 әкімшілік іс қозғалды, жалпы сомасы 81,6 млн теңге айыппұл салынды. Құзіретті органға 262 шетелдік азаматқа берілген жұмысқа рұқсат құжатын қайтарып алу туралы хат жолданды.

Естеріңізге салсақ, қыркүйек айында еңбек инспекциясы осы тексерудің аралық нәтижелерін ұсынған еді. Онда көп жағдайда шетелдіктер мен қазақстандықтардың жалақыларындағы айырмашылық 4 есе немесе одан да көп екені анықталған болатын.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

7 желтоқсан 2019, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.