1-4 желтоқсан күндері Испанияның Льорет-де-Мар қаласында өткен Theatrical Talents халықаралық театрлар фестивалінде атыраулық жастар театры Гран-приге ие болды.
Еуропаның Фиесталония Миленио ұйымы ұйымдастырған байқауға әлемнің бірнеше елінің 20-25 жас аралығындағы әртістері бар театр ұжымдары қатысты. Соңғы уақытта жетістіктерімен қуантып жүрген Атырау жастар театры еліміздің намысын қорғады. Жастар Испания төрінде бас режиссер Мұқанғали ТОМАНОВТЫҢ «Затмение» туындысын сахналады. Қойылымның негізгі идеясы – анаға деген құрмет.
- Біздің әртістер бұл сезімді көрермендерге шебер жеткізді деп ойлаймын,- дейді жастар театрының директоры Әміржан НҰРЛАНҰЛЫ. – Сондықтан да бас жүлдені еншіледік.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті жастар театры жолдады