Атырау, 11 қаңтар 03:05
 ашықВ Атырау -3
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Атырау облысында оқушылар мінген көлік апатқа ұшырады

Бейнежазба
7 771 просмотра

Бейнежазбадан алған кадр

6 желтоқсанда сағат кешкі 19. 50 шамасында «Индер-Атырау» трассасының Бөдене ауылы тұсында ресейлік номерлі Opel Vectra мен Lada Х-Ray автокөліктері соқтығысып, Opel-дің 32 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза болды.   

«АЖ» ақпарат көздерінің айтуынша, «Лада Х-Рей» көлігінің рулінде Құрылыс ауылындағы орта мектептің директоры болып, Индер ауданы орталығынан пәндік олимпиадаға қатысқан 5 оқушыны әкеле жатқан. Зардап шеккен 9 адам, ішінде 5 бала бар, түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді.


АЖ-ға облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда кісі өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс көтеріліп, сотқа дейін тергеп-тексеру басталды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Куәгерлердің бейнежазбасы

7 желтоқсан 2019, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.