Атырау, 29 наурыз 09:50
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жолда қалған әзербайжандық дзюдошылар құтқарылды

Бейнежазба
3 855 просмотра


6 желтоқсанға қараған түні Исатай ауылының маңында «Атырау-Астрахан» трассасында жол полицейлерінің назарына жол жиегінде тұрған Mercedes Sprinter шағын автобусы ілікті. Оның ішінде Атырауда өтетін дзюдо күресінен халықаралық жасөспірімдер турниріне Әзірбайжаннан келе жатқан 16 жасөспірім мен 3 ересек адам бар екен. Автобус бұзылып, далада тұрып қалған.

Күн едәуір салқын болғандықтан, барлық адамдар жедел түрде Исатай ауданының әкімшілік орталығы Аққыстау ауылына жеткізілді. Жолаушылар сол жерден тамақтанып, жылынып алды. Көп күттірмей, полиция департаменті аудан әкімдігінің қолдауымен жолаушыларды облыс орталығына жеткізу үшін автобус ұйымдастырды.

Бакуден келген жас дзюдошылар мұнайлы астанада 10 желтоқсанға дейін болады.

- Осы уақытқа дейін шағын автобусты жөндетіп, жолға шығуға дайындаймыз және міндетті түрде шығарып саламыз, - деп сендірді Атырау облысы Полиция департаментіндегілер. Ал жүргізуші Мурад САФИЕВ дер мезгілде көмек көрсеткені үшін Атырау полицейлеріне алғысын білдіріп, оларды марапаттауды сұрап, бейнежолдау таратты.   

Ляззат ҚАРАЖАНОВА

8 желтоқсан 2019, 08:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.