Атырау, 18 тамыз 13:43
 дождьВ Атырау +27.8
$ 461.39
€ 534.75
₽ 5.45

Атырауда

Қызметкері ауырғанмен, қалалық сәулет мекемесі карантинге жабылған жоқ Атырауда

Қызметкері ауырғанмен, қалалық сәулет мекемесі карантинге жабылған жоқ

10 маусымда әлеуметтік желідегілер қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміндегі бір қызметкерден коронавирус инфекциясы анықталып, кеңсесі карантинге жабылды деп айтып жатты. «АЖ» бұл ақпаратты тексеріп көрді. 11 маусым 2020, 00:19 3 706 рет қаралды
Миялы ауылы карантинге жабылды Атырауда

Миялы ауылы карантинге жабылды

Қызылқоға ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 жағдай тіркелді. Оның 8 Миялыдан шықса, Мұқыр ауылдық округінен  1 жағдай анықталған. Осыған  байланысты ауданның бас мемлекеттік санитариялық дәрігері  10 маусымнан 24 маусымға дейін  Миялы  ауылдық округіне карантин және Мұқыр ауылдық округіне шектеу шараларын енгізді. 10 маусым 2020, 23:34 7 337 рет қаралды
Нәрестенің өлімі туралы іс: сот процесі көшпелі түрде өтті Оқиға

Нәрестенің өлімі туралы іс: сот процесі көшпелі түрде өтті

9 маусымда таңертең сот процесі жалғасты. Айыптаудың негізгі тармағы - өткен жылдың 29 қыркүйегінде облыстық перинаталды орталықта жаңа туған нәрестені өлтіру. Түрлі жағдайларға байланысты, бұл жолы таңертеңгі отырыс тергеу изоляторының ғимаратында көшпелі түрде өтті, сондықтан журналистер оған қатыса алмады. Кейін белгілі болғандай, ол жерде прокурорлар айыптау қорытындысын оқып болған. Түстен кейін сот отырысы Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында жалғасты. Енді жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алу басталды. 10 маусым 2020, 10:29 3 846 рет қаралды
Министр атыраулық жеңімпаздарды марапаттады Атырауда

Министр атыраулық жеңімпаздарды марапаттады

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Экологтар күні экологиялық тақырыпта суреттер, қолдан жасалған бұйымдар мен бейнероликтер республикалық конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. 10 маусым 2020, 10:06 3 055 рет қаралды
Жылыой ауданында карантин шектеулері жеңілдетіле бастайды Басқа жаңалықтар

Жылыой ауданында карантин шектеулері жеңілдетіле бастайды

Жылыой ауданында эпидемиологиялық ахуалды толық тұрақтандыру мақсатында карантин мен шектеу шаралары сақталып отыр. Жылыой ауданының бас санитарлық дәрігері Талғат Хабибуллин карантин шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету туралы жаңа қаулы қабылдады.  9 маусым 2020, 23:09 5 380 рет қаралды
Абақтыдағы «жұмыс беруші» немесе алаяқтың түрлі айласы Атырауда

Абақтыдағы «жұмыс беруші» немесе алаяқтың түрлі айласы

Коронавирус пандемиясы еңбек нарығына айтарлықтай нұқсан келтірді. Мұны нақты өмірде де, виртуалды кеңістікте де «жұмысқа орналастыруды» кәсіп қылған тәжірибелі алаяқтар пайдаланып қалуда. Сурет 9 маусым 2020, 16:35 4 411 рет қаралды
Балықшы көпірі де қайта жөндеуді қажет етеді Атырауда

Балықшы көпірі де қайта жөндеуді қажет етеді

Осы жылдың 10 қаңтарында орталық көпір астынан өтетін жылу желілері тірегінің орнынан ығысуына байланысты жабылғаны есімізде. АЖЭО қызметкерлері ақауларды жойғаннан кейін, 23 қаңтарға қараған түні көпірдегі қозғалыс қалпына келтірілді. Бірақ оны күрделі жөндеу қажеттілігі жойылған жоқ. Ал жақында әлеуметтік желілерде Балықшы-Жұмыскер көлік көпірінің бейнежазбасы пайда болды: ол жерде қиылысқан жіктер арасынан үңірейген саңылау көрініп тұр. Сурет Бейнежазба 9 маусым 2020, 13:40 4 806 рет қаралды
Атырауда коронавирус індетінен 31 адам жазылып шықты Атырауда

Атырауда коронавирус індетінен 31 адам жазылып шықты

Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы 31 адам жазылып шықты (30 ер адам және 1 әйел адам), барлығы да Теңіз кенішінің жұмысшылары  деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.  8 маусым 2020, 23:25 4 083 рет қаралды
Қанша адам дүниеге келіп, қайтыс болды және қаншасы үйленіп, ажырасты Атырауда

Қанша адам дүниеге келіп, қайтыс болды және қаншасы үйленіп, ажырасты

ҚР Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, Атырау облысындағы нақтыланған халық саны 2020 жылдың басында 645 280 адам болды. Оның ішінде, екі қалада - Атырау мен Құлсарыда 352 241 (54,6%), ауылдық жерлерде - 293 039. 8 маусым 2020, 15:39 3 935 рет қаралды
«Атырауда карантин болады деген ақпарат – жалған» Атырауда

«Атырауда карантин болады деген ақпарат – жалған»

Әлеуметтік желіде Мақат және Жылыой аудандарында карантин 21 маусымға дейін созылады, ал Атырауда 10 маусымнан бастап карантин қайта енгізіледі деген хабарлама тарады. Оған қоса әзірге халықты «дүрліктірмеу» үшін бұл хабарламаның сол күнге дейін айтылмайтындығы да ескертіле кетіпті. Бұл ақпаратты Атырау облыстық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ жоққа шығарды. Бейнежазба 8 маусым 2020, 11:31 4 026 рет қаралды