Атырау, 22 желтоқсан 10:57
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жарайсың, Айнұр!

Бейнежазба
2 856 рет қаралды

Біздің әріптес-жолдасымыз, «Ақ Жайық» газетінің тілшісі Айнұр САПАРОВА адасып қалған сәбиге үйіне оралуға көмектесті.

14 тамызда кешкісін Айнұр редакциядан жұмыстан шыққан кезде жол бойында жалғыз өзі кетіп бара жатқан кішкентай қызды көреді. Жанында ересек адамнан ешкім болмаған.

- Бүлдіршін қай бағытқа бару керектігін білетіндей кетіп бара жатты. Бірақ жалғыз өзінің жүргеніне алаңдадым. Сәби қай жерде тұратынын айта алмады, тіпті, өз атын да әзер айтатындай өте кішкентай еді. Тек анасына барғысы келетінін айта берді. Анаң, үйің қайда деп сұрағанымда, Жарбосынов көшесі жақты көрсетті. Сол маңдағы бірнеше үйге бардық, бірақ бірде біреуін үйім деп көрсетпеді. Ауладағы балалар да оны танымады. Сол кезде полицияға хабарлауды ұйғардым, - дейді Айнұр.

Шұғыл жеткен тәртіп сақшылары қыздың ата-анасын анықтап, оны үйіне жеткізіп, соларға тапсырды. Үйі Жарбосынов көшесінде екен. 4 жасар қыздың анасы қызының әуелі аулада ойнап жүргенін, содан кейін белгісіз бағытқа қалай кеткенін байқамай қалғанын айтты.

- Біз оны іздеп, таба алмай қалдық. Қызымның үйге оралғанына қуаныштымын. Көп рахмет! - дейді ол бейнехабарламасында. Ал кішкентай қыздың біздің Айнұрдың сезімталдығының арқасында ата-анасымен қауышқанын сезіну сондай ғанибет.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Атырау облыстық Полиция департаменті ұсынған бейнежазба

16 тамыз 2020, 18:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.