
Атырауда әлеуметтік желідегі видеода балағат сөздер айтқан жергілікті тұрғын жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотта Атырау тұрғынына қатысты іс қаралды. Тұрғын Қ.Сәтпаев көшесіндегі үйдің жанында ұялы телефонына бейнеролик түсіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған. Ол видео барысында былапыт сөздер қолданып, оны «Instagram» парақшасына жариялаған.
Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі іс материалдарымен толық дәлелденді.
Жиналған айғақтарды ескерген сот азаматты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп таныды. Оған 60 550 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
В Атырау +21.5