Атырау, 6 мамыр 11:46
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Роза Рымбаева Атырауға құдағай болды

Сурет
4 957 просмотра

Әлеуметтік желіде Атырауда өткен дәстүрлі қыз ұзату рәсімінің суреттері таралып жатыр. Жерлесіміз, «Асыл» тобының әншісі Ақерке БҮРКІТБАЙ Роза Рымбаеваның ұлы, танымал әнші Әли ОҚАПОВҚА тұрмысқа шықты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram
Роза Рымбаева ресми түрде “құдағи” атанды! ⠀ Еске салсақ, Әли Оқапов жуырда ғана Ақерке Бүркітбайға үйленуге ұсыныс білдірген еді. Енді міне, халық әртісі қарашаңырағына келін түсірмек. Қыз ұзату салтанаты қазіргі сәтте Атырау қаласында өтіп жатыр. ⠀ Ал эксклюзивті суреттермен @revuenews оқырманы бөлісті. Бұдан өзге қызықты видеоларды парақшамыздың сторисінен көре аласыз.
Публикация от #news #новости #жаңалықтар (@revuenews)

Суреттен ұзату тойының үйде, тума-туыстарының арасында өткені көрініп тұр.

Екі жастың қарым-қатынасы туралы әңгіме көптен бері айтылып жүр. Бірақ Ақерке қолына жүзік таққан суретін жақында ғана жария етті.

Ақерке жұмыс істейтін «Асыл» тобындағы үш қыз қобызда ойнайды. 2016 жылы Американың «BillieBluntMagazine» журналында Ақеркенің суреттері жарық көрді.

Құттықтаймыз және бақыт тілейміз!

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

20 тамыз 2020, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.