
Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласында жүргізушінің атты көлікке байлап, жол бойымен жүгірткен сәті түсірілген видео тарады.
Бейнежазба жарияланғаннан кейін полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, ер адамның жеке басын анықтады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тексеру барысында жануардың денесінен ешқандай жарақат анықталмаған.
Соған қарамастан, тексеру қорытындысы бойынша жүргізуші жануарларға қатыгездік танытқаны және оларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Полиция жануарларды тасымалдау кезінде белгіленген талаптарды сақтап, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеу қажеттігін еске салды.
В Атырау +21.3