
Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазір жастардың арасында кең таралған TikTok қосымшасын жемқорлықпен күресу үшін пайдалануды жөн көрген.
- Біздің қызметкерлеріміз уақыт талабына сай болуды шешіп, мағыналы әрі қысқа бейнежазба жасау үшін TikTok-ты игере бастады. Бұл платформаны жасөспірімдердің 90%-ы пайдаланады. Сыбайлас жемқорлықтың қылмыс екенін, ондай іс-әрекетке қарсы болуды ерте жастан бойына сіңірген дұрыс деп есептейміз. Роликтер парақорлыққа жол бермеуді насихаттайды, азаматтарды есін жиып, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасамауға шақырады, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз хатшысы Айдана АМАНИЯЗОВА. Оның айтуынша, бейнеролик түсіру үшін арнайы бюджет бөлінбейді. Мамандандырылған контентті құрумен ерікті негізде волонтерлар көмегімен департамент қызметкерлері айналысады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramЗадумайтесь пока не стало совсем поздно @atyrauoil.official
Публикация от Добро пожаловать (@anticorruption_atyrau123)
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бейнежазбасы