«Қазгидромет» РМК бақылау желісінен Атыраудағы атмосфералық ауаның жағдайы қаланың төрт LED экранында (Сәтпаев көшесінің бойында: мешіт және ТШО ғимараты жанында) көрсетіледі.
Хабарландырудың бұл әдісі 11 тамызда ҚР Экология министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ пен қоғам өкілдерінің қатысуымен өткен кеңестен кейін енгізілді.
«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, ақпарат әр сағат сайын автоматты түрде жаңарып отырады және ауаның жай-күйінің негізгі көрсеткіштері: PM 10, PM 2,5 өлшенген бөлшектер, күкірт диоксиді, азот диоксиді, азот оксиді, көміртегі оксиді, күкіртсутек туралы мәліметтерді қамтиды.
Бұл жаңалық емес - LED экрандарда атмосфералық ауаның сапасы туралы ақпаратты Павлодар, Екібастұз, Петропавл, Ақтау, Орал, Қостанай, Талдықорған және Алматы қаласының тұрғындары көріп жүр. Басты мәселе - бұл мәліметтердің қаншалықты дұрыстығында жатыр.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА