Атырау, 22 желтоқсан 12:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​QR код арқылы дәрінің шекті бағасын білуге болады

3 183 рет қаралды

Атыраудың дәріханаларында дәрі-дәрмектің шекті бағасы көрсетілген хабарлама іліп қойған.  

Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектердің бағасын реттеуді қолға алды. Плакаттарда ең қажетті парацетамол, ацетилсалицил қышқылы, ингавирин, антигриппин және аспирин кардио дәрілері белгіленген.  Әрқайсысының жанында шекті бағасы мен өндірушісі көрсетілген. Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі бекіткен дәрі-дәрмектердің жаңартылған толық тізбесіне сілтеме жасайтын QR-код бар. Дәріханаға келгенде белгілі бір препараттың шекті бағасын білу үшін QR-кодқа телефонды жақындатсаңыз жеткілікті, - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің баспасөз хатшысы Айдана АМАНИЯЗОВА. Ол үшін алдымен телефонға QR сканерін жүктеп алу керек.

Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың шекті бөлшек сауда бағасы көрсетілген ақпараттық материалдар өңірдің барлық дәріханасына таратылады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұсынған сурет

19 тамыз 2020, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.