Атырау, 8 мамыр 09:44
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

«Атырау» ФК беларуссиялық қорғаушымен келісімшарт жасады. Чемпионаттың қашан басталатыны белгісіз

3 787 просмотра
Фото: pressball.by

32 жастағы беларуссиялық қорғаушы Денис Образов «Атырау» футбол клубымен келісімшартқа отырды.

Ол кәсіби мансабын Минскіде «Динамо» командасында бастады, кейін «Полоцк» командасында ойнады. Содан кейін Могилевтағы «Днепрге» ауысып, негізгі құрамда ойнаған. Бұл командадан соң Новополоцкідегі «Нафтанға» ауысып, көп ұзамай негізгі қорғаушылардың біріне айналды.

Соңғы төрт маусымда Образов «Слуцк» командасында өнер көрсетті. 60-тан астам матч өткізіп, 1 гол соққан. Беларусь жастар құрамасында ойнады.

«Атырау» құрамына тағы бір жаңа ойыншы - Сергей Басов қосылды. Украиналық «Титан» (Донецк), «Звезда» (Кривоград), «Буковина» (Черновцы) және «Александрия» клубтарында ойнаған. Соңғы екі жылда Басов Оралдың «Ақжайық»  командасының құрамында 59 матч өткізіп, 6 гол соққан. 2019 жылы Бірінші лиганың символикалық құрамасына енді.

Бірінші лигада чемпионаттың қашан басталатыны әлі белгісіз. Алайда Премьер-лигада ойындар 18 тамызда қайта басталған еді. «Атырау» ФК құрылтайшысы Азат ҚАЗИХАНОВ біздің сұрағымызға «күтіп отырмыз» деп жауап берді.

Мирас МҰСТАФАЕВ

19 тамыз 2020, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.