Атырау, 18 маусым 18:04
 ашықВ Атырау +26
$ 452.92
€ 484.99
₽ 5.12

Мәйітхана жұмысшыларына қиын болды, бірақ қазір шүкір

4 162 просмотра

Атырауда коронавирус пандемиясы кезінде қайтыс болғандар саны артты, ал некеге тұру және бала туу саны азайды.

Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметінше, 28 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін Атырауда 3 873 сәби дүниеге келді, 1 305 адам қайтыс болды, 872 жұп неке қиды, 40 отбасы ажырасты. Салыстырып көрсек, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 4040 сәби дүниеге келген, 735 адам қайтыс болды, 1342 жұп некелесіп, 428-і ажырасқан. Соңғы тармаққа келетін болсақ, бұл көрсеткіштің күрт төмендеуі нақты ажырасу санына байланысты емес - өткен жылдан бастап сотта некені бұздырғаннан кейін оны тіркеу қажет болмай қалды, мұны АХАЖ бөлімінде жасау жеткілікті.

Ал жас жұбайлардың тіркелу саны азайған. Бұл жастардың шараны кең көлемде атап өту үшін әдейі кейінге қалдыруына байланысты. Дегенмен, карантинге қарамастан көп қонақ шақырып, жасырын түрде той жасағандар да жеткілікті. Соңғы карантин кезеңінде осындай сегіз дерек анықталды, оның ішінде Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында екі дерек тіркелген. Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл материалдар әкімшілік жауапқа тарту үшін санитар дәрігерлерге берілген.

Өлім-жітім көбейді:  наурыздан бастап 1305 (былтыр осы кезеңде 735) адам о дүниелік болған. Әрине, бұл шілде айында үдеген коронавирус инфекциясын жұқтыруға байланысты артты. Жергілікті мәйітхана қызметкерлері бұл күндері өздеріне тәулігіне 30 шақты марқұм болған адамдардың әкелінгенін айтады. Мұны АХАЖ мәліметтері де растайды - шілдеде қайтыс болғаны туралы 670 куәлік берілген. Әдетте айына шамамен 150-160 өлім тіркеледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 тамыз 2020, 19:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.