Тиісінше, көптеген отбасы көмек сұрап, мемлекеттік органдарға жүгінді.
Ресми мәліметтерге сәйкес, осы жылдың 1 наурызында тіркелген жұмыссыздар саны 5650 болса, 1 тамызда - 18 169 адам есепке тұрды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша дайындалған қала мен аудандардағы жұмыссыздар санының кестесі:
Біреулер жұмыссыз қалды, ал біреулер ақысыз демалыста жүр немесе 42 500 теңге алады. Жақында әлеуметтік желіде бір посттың астына бір әйел нан сатып алуға ақшамен көмек беруді сұрап жазыпты. Мұндай өтініштер көп-ақ...
Айнұр САПАРОВА