Атырау, 21 қараша 22:32
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Құрметті абоненттер!

PR
3 788 просмотра

«Спецавтобаза» ЖШС-і (бұдан әрі ЖШС) Жария шартқа (20.03.2020 жылдың №21/22 санды «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерде жарияланған) сәйкес Атырау қаласы тұрғындарына қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, тасымалдау және көму қызметтерін көрсетеді.

Жария шарттың 4.2.8, 4.2.9 санды тармақтарының негізінде биллингтік оператордың өзгеруіне байланысты, ЖШС-гі 2020 жылдың 29 тамыздан бастап «РЦКУ-Атырау» ЖШС-мен шот-түбіртектерін басып шығару және жеткізу келісім шартын бұзғаны туралы Сіздерге хабарлайды.

ЖШС ағымдағы жылдың тамыз айында, Бірыңғай есептесу орталығы жүйесіне («БЕО Атырау» ЖШС-і) ауысуына және Бірыңғай төлем құжаттың енгізілуіне байланысты «Спецавтобаза» және «АтырауЭнергоСату» серіктестіктердің деректер базасын интеграция жасау салдарынан тұрғын үй-жайда тұратын тұлғалар саны өзгеріп абоненттік төлемінің есептелінуі өзгеруі мүмкін.

Туындаған сұрақтар бойынша Абоненттік қызметіне хабарласуға болады (Атырау қ., Сатпаев көшесі, №25 үй, «Академия» аялдамасы, ХҚКО жанында) немесе байланыс телефондары арқылы:

+7 (7122) 93-00-34, 93-00-35, 93-00-36, 93-00-37,

+7 701 994 0279, +7 701 653 8479, +7 778 4444 969

«Спецавтобаза» ЖШС-нің Әкімшілігі

17 тамыз 2020, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған