Атырау, 20 сәуір 10:21
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырау: бизнес локдауннан шығады, бірақ бұл оңай болмайды

3 181 просмотра

17 тамыздан бастап Атырауда ірі базарлар мен сауда-ойын сауық орталықтары жұмысын қайта бастайды. Бірақ барлық сақтық шараларын сақтау керек, атап айтқанда, әр келуші үшін кемінде 4 шаршы метр аумақ болуы шарт. Бұл туралы Атырау облысының бас санитар дәрігерінің орынбасары Жанар ДОСЫМБАЕВА онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

- «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы InfoKazakhstan электрондық платформасын іске қосты, бұл барлық санитариялық нормалар сақтала отырып, бизнесті карантин режимінен біртіндеп шығаруға көмектеседі. Платформа арқылы кәсіпкер қызметті қайта бастауға өтініш бере алады, бұл төрт қадаммен жасалады. Алдымен сайтқа кіріп, мекемені ЭЦҚ арқылы тіркеп, өзінің қызмет түріне қойылатын талаптармен танысу керек. Негізінен ірі бизнес – аумағы үлкен сауда үйлері және т.б. сайт арқылы рұқсат алуы тиіс. Шағын сауда нүктелері сияқты жекелеген бизнес түрлері тексерусіз, яғни, хабарлау тәртібімен жұмысын бастайды. Содан кейін талаптарға сай орынжайларды дайындап, электронды өтінім беру арқылы өзінің дайын екенін растауы керек. Содан соң СЭС тексерісін күтеді. Егер тексеру нәтижелері оң болса, онда жеке кабинетте жұмысты қалпына келтіруге санитариялық талаптарға сәйкестік актін жүктеу керек. Егер теріс болса - олқылықтарды жойып, тексеруге қайтадан өтініш беру керек, - деді Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла ИДРЕСОВ.

Платформа infokazakhstan.kz жобасының негізінде әзірленді, ол көктемде Атырау облысында карантин кезінде сыналған болатын. Бұл сайтты қала кәсіпкерлері қала ішінде қозғалуға рұқсат алу үшін пайдаланған.

Сондай-ақ, А.Идресов локдаунның 1,3 миллион адам жұмыс істейтін қызмет көрсету және сауда саласындағы 830 мыңнан астам қазақстандық кәсіпкерлердің қызметіне әсер еткенін айтты.

Біздің өңірге келер болсақ: саудамен, қоғамдық тамақтанумен айналысатын, сауда-ойын сауық орталығы мен т.б. бар 3 мың кәсіпкерден сауалнама алынды. Сауалнамаға сәйкес, кәсіпкерлердің 40%-ы жұмысшыларын қысқартқан, 34%-ы дағдарыс жағдайында, ал 54%-ында кіріс айтарлықтай азайған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 тамыз 2020, 18:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.