Атырау, 20 мамыр 05:09
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Дүйсенбідегі Атырау: автобустар, «Дина» базары, «Байзаар» және басқалар

Сурет
4 308 просмотра

Бүгін, 17 тамыздан бастап елімізде бірқатар карантин шектеу шаралары жеңілдеді. Мұнайлы шаһардың бүгінгі тіршілігі - «АЖ» фоторепартажында.

Бүгін ұзақ үзілістен кейін қала ішіне 13 бағыт бойынша 85 автобус шыққан. Автобустар сағат 07:00-20:00 аралығында 15 минуттық ара-қашықтықты сақтай отырып, жолаушыларды тасымалдайды. Жолаушылардан талап етілетіні - бетпердемен кіру, жолақыны электронды түрде төлеу.

Орталық алаң мен саябақтар әзірге жабық. Жағалауда ғана серуендеуге рұқсат. Жағалаудан әуесқой балықшыларды жиі кездестіруге болады.

«Байзаар» ойын-сауық орталығында әзірге дәріхана, банкомат және супермаркет қана  жұмыс жасап тұр.

Шаһар халқының көбін «Дина» базарынан кездестіруге болады. Бұл жердің көлік тұрағында орын жоқ. Базар толық ашылды деп келген тұрғындар сенделіп жүр.

Базардың артқы жағында ашық алаңда орналасқан секторлар ғана жұмыс жасауда. Азық-түлік павильоны әзірге жабық екенін біле жүріңіз.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

17 тамыз 2020, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.