Атырау, 5 қыркүйек 20:04
 дождьВ Атырау +31.3
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Оқиға

Ойындары осылды Оқиға

Ойындары осылды

Атырау облыстық қаржы полициясының департаменті «Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бұрынғы бастығы Ж-ға, «Облыстық «Атырау» волейбол командасы» МҚКК директоры М-ға, осы кәсіпорынның есепшісі Х-ға, волейбол командасының бас бапкері З-ға және т.б. тұлғаларға» қатысты  ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-тармағы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету») бойынша қылмыстық іс қозғады. 19 сәуір 2013, 19:25 3 661 рет қаралды
Атырауда терроризм жасады деп айыпталғандардың соты басталды Оқиға

Атырауда терроризм жасады деп айыпталғандардың соты басталды

10 сәуірде Атырау облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта терроризммен байланысты қылмыстар жасады деп айыпталып отырған 16 азаматтың үстінен жабық режімде сот процесі басталды. 10 сәуір 2013, 18:26 2 770 рет қаралды
Қылмыстық хроника Оқиға

Қылмыстық хроника

6 сәуір күні кешкісін Исатай-Махамбет алаңында ТШО-ның 20 жылдығына арналған концерт болып жатқан кезде 23 жастағы қыздың күртесінің қалтасынан 30 мың теңге ұрланған. Сәуірдің 8-інде күндіз Канцев көшесінің бойындағы «Атаба» супермаркетінің жанынан белгісіз біреу 36 жастағы әйелдің сөмкесін тартып алған. 10 сәуір 2013, 17:24 4 604 рет қаралды
Қиғаштағы қос өлім (толықтырылды) Оқиға

Қиғаштағы қос өлім (толықтырылды)

4 сәуірде 11 сағат 30 минутта Құрманғазы аудандық ІІБ-не Қиғаш селосындағы үйлердің бірінен 50 жастағы кәсіпкер әйел мен аудандағы кәсіпорындардың бірінде оператор боп жұмыс жасаған оның 50 жастағы жұбайының мүрделері табылғандығы туралы телефон хабарламасы келіп түсті. 5 сәуір 2013, 15:54 3 662 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

27 наурызға қараған түні оның ауласынан 15 мың теңге сомасындағы жайылып тұрған киім-кешегі жоғалып кетіпті. Наурыздың 31-інде таңғы сағат 7-де Рембаза маңындағы Жайық өзенінен 40-45 жастағы әйел адамның мүрдесі су бетіне қалқып шыққан. 3 сәуір 2013, 15:33 3 165 рет қаралды
Басбұзарлар әшкереленді Оқиға

Басбұзарлар әшкереленді

Үстіміздегі жылдың 1 сәуірінде облыстық ІІД бастығының орынбасары Аян ДҮЙСЕМБАЕВ жергілікті БАҚ-тармен кездесіп, Атырауда ағымдағы жылдың наурызында жасалған екі қарақшылық шабуыл қылмысының ашылғанын әңгімеледі. 2 сәуір 2013, 18:01 2 950 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Наурыздың 21 күні «Технодом» электроника дүкенінде күзетші «Транскент-Класс» флэш-картасын ұрлауға әрекеттенген 22 жастағы ұрыны ұстап алды. Наурыздың 21-іне қараған түні 27 жастағы қала тұрғыны Азаттық бойындағы кафеде белгісіз біреудің сөмкесінен 10 мың теңге ұрлап кеткендігі туралы полицияға шағым түсірді. 28 наурыз 2013, 00:00 3 588 рет қаралды
Оқиғалар хроникасы Оқиға

Оқиғалар хроникасы

Наурыздың 12-сіне қараған түні Қызылқоға ауданындағы Мұқыр селосының аурухана қосынына бытыра оғынан аяқтары мен кеудесінен жарақат алған 34 жастағы жергілікті тұрғын және Сағыз селосының 26 жастағы тұрғыны жеткізілді. Наурыздың 15-і күні таңертең Абай көшесіндегі букмекерлік кеңсенің тоналғандығы туралы хабарлама келіп түсті. 21 наурыз 2013, 00:00 3 480 рет қаралды
Қылмыс хроникасы Оқиға

Қылмыс хроникасы

Наурыздың 6-сына қараған түні Привокзальныйықшам ауданындағы жеке кәсіпкер әйелдің пәтерінен сатуға дайындап қойған 60 жұп ерлер туфлиі ұрланып кеткен. Привокзальныйда тұратын жасы 30-дағы адамға іздеу жарияланды. Полицияға Алмагүл ықшамауданының 36 жастағы тұрғыны хабарласты: гүл сататын дүкенде оны белгісіз ер адам соққыға жыққан. Тараз қаласының 30 жастағы тумасы ұсталды, оны жапа шегуші таныды. 12 наурыз 2013, 18:28 2 839 рет қаралды
Африкандық құштарлық Оқиға

Африкандық құштарлық

Наурыздың 4-інен 5-іне қараған түні Атырауда шетелдік азаматша, Габон Республикасының 27 жастағы тумасы отбасылық ұрыс-керіс барысында күйеуіне – шетелдік компаниялардың бірінде инженер-технолог боп жұмыс істейтін Ұлыбританияның 53 жастағы азаматына пышақ жарақатын салған. 6 наурыз 2013, 09:12 1 967 рет қаралды
Пара алам деп тұтылды Оқиға

Пара алам деп тұтылды

Атырау облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 28 ақпанда департаменттің және облыстық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Атырау ҚІІБ-ның учаскелік полиция инспекторы азамат А.-ны ұстады.  5 наурыз 2013, 15:51 2 289 рет қаралды