Атырау, 30 қараша 15:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Күтпеген сынақ

2 160 просмотра

Бүгін күндіз редакцияға Құлсары қаласынан хабарласқан тұрғындардың бірі Жылыой АІІБ-нің ғимараты қоршалып, адамдар қауіпсіз жерге көшірілгендігін хабарлады.

Ал осыған байланысты біздің анықтағанымыз мынау болды. Полицейлер ғимараттан ішіне зат салынған белгісіз бір пакет тапқан. Металл іздегіш құрылғымен тексерген кезде одан дыбыс шыққан. Бұдан соң Атыраудан саперлар шақыртылған. Олар пакетте бомба емес, «Жаттығу» деген жазуы бар әлдебір бейтарап заттың болғанын анықтаған.

- Бұл біздің арнайы қызметтің ұйымдастырған тексеруі болатын,- деді бізге телефон арқылы Жылыой АІІБ бастығы Руслан ӘДІЛОВ. Және біз бұл тексеруден сәтті өттік.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 сәуір 2013, 23:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.