Атырау, 30 қараша 15:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Куәгерлер күдікті көз жұмғаннан кейін табылды

3 265 просмотра

Жанбай селосында 6 жыл бұрын орын алған кісі өлімінің қылмысы ашылды. Бұл туралы бізге ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлады.

2007 жылдың наурызында Жанбай селосының маңындағы теңіз жағалауынан қаңқаға айналған адам мүрдесі табылды. Сот-криминалистикалық сараптама оның 2006 жылдың қарашасында хабар-ошарсыз кеткен 1980 жылы туылған жергілікті тұрғынға тиесілі екенін, өлім себебі – пышақ жарақаты екенін көрсетті. ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Марқұм жоғалған күні онымен бірге арақ ішкен 1971 жылғы Атырау тұрғыны бірден Исатай АІІБ жедел топ қызметкерлерінің күдігін тудырды. Ұсталғаннан кейін ол мойындау жауабын берді, алайда кейін адвокаттың кеңесімен ол жауабынан бас тартты. Тергеу ісі дәлел таба алмай, тұйыққа тірелген еді.

Ал өткен жылдың аяғында бұл адам ауыр сырқат салдарынан көз жұмды. Тек осыдан кейін тергеу ісі сол күні екі ер адамның ескі реніштерін қозғап, қатты керілдесіп, бортты «Газельге» мініп, қайғылы жағдай орын алған теңіз жаққа кеткендігі туралы түсінік берген куәгерлерді тапты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 сәуір 2013, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.