Атырау, 5 қыркүйек 19:19
 дождьВ Атырау +31.3
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Оқиға

Іс қозғалды Оқиға

Іс қозғалды

ЭҚжСКА (қаржы полициясы) сайтында Атырау облыстық департаментінің «Атырау облыстық құрылыс басқармасы» ММ бастығының орынбасарына және басқа тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-тармағы (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғағаны туралы хабарлама пайда болды. 13 желтоқсан 2012, 20:16 4 131 рет қаралды
Қылмыс құрамы Оқиға

Қылмыс құрамы

Бүгін, 10 желтоқсанда Атырау облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі біздің «Мұнайды эшелонмен ұрлайтын болған ба?» деп аталатын жарияланымымызда көрсетілген фактілерге комментарий беру жөніндегі ауызша сұранысымызға жауап ретінде осыған қатысты бөлек баспасөз мәліметін жолдаған болатын. Онда «Ақжайық» теміржол стансасында «АМӨЗ» ЖШС-не өңдеуге жіберілмек болған мұнай құйылған 11 вагон цистерналарының ұсталу фактісі расталған. 10 желтоқсан 2012, 11:09 2 969 рет қаралды
Тауар тәркіленді Оқиға

Тауар тәркіленді

Облыста жасанды алкоголь өнімінің үлкен партиясы табылды. Қаржы полициясының қызметкерлері Атырау қаласы және Құрманғазы ауданы сауда нүктелерінің қоймаларынан және бір супермаркеттен жасандылық белгілері бар есеп-бақылау маркаларымен ресімделген, «Геом» ЖШС өндірген 127 991 шөлмек алкоголь өнімдерінің үлкен партиясын тапты. 10 желтоқсан 2012, 18:05 2 267 рет қаралды
Мұнайды эшелонмен ұрлайтын болған ба? Оқиға

Мұнайды эшелонмен ұрлайтын болған ба?

Газет нөмірі басылып шығар алдында редакцияға белгісіз теміржолшы қоңырау шалып, олардың «Ақ Жайық» стансасында бірнеше күннен бері Атырау мұнай өңдеу зауытына өңделуге жіберілу үшін мұнай құйылған цистерналардың тұрғанын, бірақ зауыттың оларды, неліктен екені белгісіз, қабылдамай отырғанын хабарлады.  «Бәлкім, бұл ұрланған мұнай шығар?» – дейді ол. 6 желтоқсан 2012, 00:00 3 001 рет қаралды
Қылмыстық хроника Оқиға

Қылмыстық хроника

29 қарашада Мақатта «Құқықтық тәртіп» операциясының барысындаАІІБ қызметкерлері 53 жастағы жергілікті тұрғынның үйінен тіркелмеген 16-калибрлі қосауыз мылтық тапқан. Данабейбіт ауылында 56 жастағы жергілікті тұрғыннан тіркелмеген ИЖ-17 сыңарауыз қару тәркіленіп алынды. 30 қарашаға қараған түні Әлия Молдағұлова көшесіндегі жеке үйлердің бірінде өрт болды. Өртенген үй орнынан 60 жастағы қожайын әйелдің күйіп кеткен мүрдесі табылды. 5 желтоқсан 2012, 16:25 2 415 рет қаралды
Керуен құрықталды Оқиға

Керуен құрықталды

3 желтоқсанда таңғы сағат 6-да Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында Атырау облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының (ҰҚКБ) қызметкерлері жөнелтпе құжаттарынсыз мұнай тиеген 30 тонналық автоцистернаны ұстады. Рөлде 22 жастағы Қарағанды облысының тұрғыны болды.  5 желтоқсан 2012, 15:08 2 418 рет қаралды
«Бір-екі рет ұрып жібердім, бірақ тонаған жоқпын» Оқиға

«Бір-екі рет ұрып жібердім, бірақ тонаған жоқпын»

Бұдан бұрын, «АЖ» хабарлағандай, 17 қарашада таңғы сағат 4-те «Ақ Жайық» мейманханасының жанынан соққыға жығылып, тоналған мердігер компаниялардың бірінде жұмыс жасайтын Ұлыбритания азаматы табылған болатын. 4 желтоқсан 2012, 14:32 2 606 рет қаралды
Аналардың мұсылман балаларға үндеуі Оқиға

Аналардың мұсылман балаларға үндеуі

Құрметті мұсылмандар! Сіздерге 233-ші «Терроризм» бабы бойынша сотталып, 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылған атыраулық балалардың аналары үндеу жолдайды. Тергеу жүргізіліп, сот басталғанға дейінгі бір жылдың ішінде басымыздан қандай күй кешкенімізді сөзбен жеткізе алмаспыз. Ал, біздің қазіргі - балаларымыздың темір торға қамалған уақыттағы жай-күйімізді дұшпанымыздың басына бермесін деп тілейміз... 28 қараша 2012, 21:15 3 357 рет қаралды
Қылмыстық хроника Оқиға

Қылмыстық хроника

21 қарашада Махамбет селосындағы кафелердің бірінде 32 жастағы қоғамдық тамақтану орнының қызметкері клиентіне бас салып, жеңіл дене жарақатын салған. 21 қараша күні тал түсте Махамбет көшесіндегі дүкенде белгісіз біреу сатушыға шабуыл жасап, оның 30 мың теңгесін тартып алған. Тергеу жүргізілуде. 28 қараша 2012, 15:11 2 141 рет қаралды
Сақшылар «олжалы» болды Оқиға

Сақшылар «олжалы» болды

19 қарашада Привокзальный ықшам ауданында су полициясының қызметкерлері жол полициясымен бірлесе отырып, «Тойота-Прадо» автокөлігін тоқтатқан. Көліктен 24 келі бекіре балығы мен жалпы салмағы 5,3 келі 10 құты қара уылдырық табылды. 21 қараша 2012, 20:47 2 513 рет қаралды
Жарақат алған шетелдік әзірге түсінік бере алмайды (+толықтырылды) Оқиға

Жарақат алған шетелдік әзірге түсінік бере алмайды (+толықтырылды)

17 қарашада таңертеңгі сағат 4-те Атырауда «Ақ Жайық» қонақ үйінің жанынан шетелдік азамат ессіз күйде табылған. Полицейлер жол-көлік оқиғасы және криминал болуы мүмкін деген екі жорамал жасап отыр. 17 қараша 2012, 21:10 3 249 рет қаралды
Пара үшін айыпталды Оқиға

Пара үшін айыпталды

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Атырау облыстық департаментінің (қаржы полициясы) қызметкерлері Атырау қалалық Салық басқармасының өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің бастығын ұстады. 14 қараша 2012, 20:42 2 352 рет қаралды