Атырау, 29 қараша 15:41
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Іс қозғалды

3 785 просмотра

ЭҚжСКА (қаржы полициясы) сайтында Атырау облыстық департаментінің «Атырау облыстық құрылыс басқармасы» ММ бастығының орынбасары азамат Ә-ға және басқа тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-тармағы (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғағаны туралы хабарлама пайда болды.

Бұл тұлғалар ЖШС-лердің біріне артықшылық беру және материалдық пайда табу мақсатында 2010 жылдың 13 сәуіріндегі №301 Үкімет қаулысын бұзып (соған сәйкес, инфрақұрылым құрылыстарының (қайта жарақтау) құны жобаның жалпы құнының 50 пайызынан аспауы тиіс), орындалған жұмысты қабылдау жөніндегі Ф2 актісіне және орындалған жұмыстар құны туралы Ф3 анықтамасына қол қойып, мемлекетке 18 млн теңге мөлшерінде зиян келтіргендігі қосымша хабарланған.

Облыстық ЭҚжСКД-де тергеу құпиялылығын желеу етіп, азамат Ә-нің фамилиясын атаудан бас тартты. Ал құрылыс басқармасы бастығының орынбасарларының арасында тек біреуінің фамилиясы ғана осы әріптен басталады. Ол – көп жылдан бері әлеуметтік нысандар құрылысына жетекшілік етіп жүрген орынбасар лауазымындағы Ибрагим ӘМІРОВ. Қазіргі уақытта ол жұмыс орнында боп шықты.

- Иә, Әміровке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған әлі айып тағылған жоқ, ол күдікті боп табылады және оған қатысты тыйым салу шаралары алынған жоқ, - деп растады Астанадан телефон арқылы ЭҚжСКА-нің ресми өкілі Мұрат ЖҰМАНБАЙ.

Айтпақшы, құрылыс басқармасының http://www.kurylys-atyrau.kz сайтындағы ақпарат жаңартылмаған. Сайттың басты бетінен бұрынғы облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ пен басқарманың бұрынғы бастығы Нұрлан КЕНЖЕБЕКОВТІҢ фотосуреттерін көруге болады. Естеріңізге салсақ, Кенжебеков үйқамақта отыр, оған «Атырау-Доссор-Мақат» су құбырын салу кезінде 3 миллиард теңгеден астам бюджет қаржысының ұрлануына қатысы бар деп айып тағылған болатын.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

13 желтоқсан 2012, 20:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.