Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Мұнайды эшелонмен ұрлайтын болған ба?

2 551 просмотра

Газет нөмірі басылып шығар алдында редакцияға белгісіз теміржолшы қоңырау шалып, олардың «Ақ Жайық» стансасында бірнеше күннен бері Атырау мұнай өңдеу зауытына өңделуге жіберілу үшін мұнай құйылған цистерналардың тұрғанын, бірақ зауыттың оларды, неліктен екені белгісіз, қабылдамай отырғанын хабарлады.  «Бәлкім, бұл ұрланған мұнай шығар?» – дейді ол.

Біз фототілші екеуміз шұғыл арада стансаға қарай шықтық. Бір жақсысы, ол жер қала шетінде, Сырым Датов көшесіне қатарлас орналасқан. Алайда мұнай құйылған 11 цистернасы бар эшелон тұйықтағы бұрынғы орнынан басқа жерге ауыстырылған боп шықты. Ымырт үйірілгеніне  қарамастан, біз оны басқа жолдың бойынан тауып алдық. Цистерна люктерінің қақпақтарын жергілікті қаржы полициясы пломбалап, мөрлеп тастаған екен. Алайда Атырау облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіндегілер басшылықтың тыйым салғандығын желеуретіп, эшелонға қатысты комментарий беруден бас тартты.

Біздің мәліметтеріміз бойынша, ұрланған мұнай көршілес Ақтөбе облысынан жеткізілген. Шикі газды өңдеуге тапсырған кезде кез-келген мекеме зауытқа тікелей жер қойнауын пайдаланушымен, яғни өндіруші компаниямен жасалған келісім-шартты ұсынуға тиісті. Әрине, қазіргі технология заманында кез келген қолды қойып, мөрді соғу аса қиындық туғызбайды. Бұл жағдайдың елең еткізер тұсы басқада екені анық:  АМӨЗ-дің тиісті қызметтері Атыраудағы бизнес орталықтарының біріндегі бір қабатты түгелімен жалға алып отырған жеткізуші – «Р...n» ЖШС-нің адалдығына қаншалықты сенімді болған? Зауыт қай уақыттан бері «көлденең» шикізатты өңдейді екен? Мұндай өңдеуге беруші компания біреу ме екен? Естеріңізге салсақ, үстіміздегі жылдың қарашасында АМӨЗ-де бас директор ауысқан болатын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

 

 

 

 

6 желтоқсан 2012, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.