Атырау, 19 сәуір 12:25
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қылмыстық хроника

1 869 просмотра

29 қарашада Мақатта «Құқықтық тәртіп» операциясының барысында АІІБ қызметкерлері 53 жастағы жергілікті тұрғынның үйінен тіркелмеген 16-калибрлі қосауыз мылтық тапқан. Данабейбіт ауылында 56 жастағы жергілікті тұрғыннан тіркелмеген ИЖ-17 сыңарауыз қару тәркіленіп алынды.

***

30 қарашаға қараған түні Әлия Молдағұлова көшесіндегі жеке үйлердің бірінде өрт болды. Өртенген үй орнынан 60 жастағы қожайын әйелдің күйіп кеткен мүрдесі табылды.

***

30 қараша күні таңертең Попов көшесінің бойындағы жеке үйлердің бірінің ауласында 37 жастағы ер адам бұзақылық пиғылмен 26 жастағы танысының ішіне пышақ салған. Тергеу жүргізілуде.

***

Сол күні Теңіз вахталық поселкесінде полицейлер күмәнді көрінген ер адамды тексеріп, оның сөмкесінен қолдан жасалған тапанша тапқан. Сараптама жүргізілуде.

***

3 желтоқсанда таңғы сағат 7-де полицейлер Махамбет ауданының Таңдай селосы маңындағы Қазанбай қыстағынанкеудесіне оқ тиіп жарақаттанған 41 жастағы шопанның мүрдесін тапты. Жанында «Бекас» маркалы сыңарауыз қару жатқан. Алдын ала жасалған жорамал бойынша, малшы өзін-өзі атқан. Сараптама тағайындалды.

5 желтоқсан 2012, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.