Атырау, 23 наурыз 05:08
Таңертең ашық+8, күндіз +9
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 376.40  € 427.36  P 5.86

Кәсіпкерді өлтіргендер ұсталды

12 желтоқсан 2012 16:16

ІІД-ның криминалдық полиция басқармасының бастығы Нұрхат ОРАЗБАЕВТЫҢ (суретте) айтуынша, 30 қараша түнінде 56 жастағы жеке меншік моншаның қожайыны өлтірілген.

Сол кеште отағасы жұмыстан отбасы ортасына оралмады. Таңертең Сол жақ Перетаска елдімекеніндегі үйінің қақпасы алдынан қан іздері мен күйеуінің заттарының шашылып жатқанын байқаған әйелі оның ұрланғанын бірден сезді. Іздеу жұмыстары сол күні басталып кетті. Аумақты тікұшақпен аралап қарау кезінде Зарослыйдағы өзектердің бірінде жартылай батқан жоғалушыға тиесілі «Шевролет-Эрика» автокөлігі және жиырма метр жерде мүрдесі  табылды. Кәсіпкерді кеудесінен және басынан атып өлтірген.

ІІД-де ең тәжірибелі қызметкерлерден тергеу тобы құрылды. Ең алдымен тапсырыспен адам өлтіру және кек алу болжамдары қаралды (тонау болжамы негізгі болып саналмады, өйткені зардап шегуші шалбарының артқы қалтасында 200 мың ақша табылды). Көп ұзамай бұл қылмысты жасаған қылмыстық топ әшкереленді. Бұлардың барлығы 20-25 жастағы Химпоселок тұрғындары, кейбірі бұрын сотталған. 10 желтоқсан күні екеуі Атырауда, тағы екеуі Қазақстан-Ресей шекарасынан өтіп кетпек болған жерлерінде ұсталды.

Тергеу кезінде ұсталғандар құрбандарын үйінің, жұмысының алдынын бақылап,   тонауға көптен дайындалғандарын мойындады. Беттерін көрсетпес үшін бетперде киген. Сондай-ақ олар бай адамды өлтірмей, тек тонағымыз келді деп ақталды. Шындығында қанішерлер оны аяусыз ұрып-соғып, содан кейін аңшының шолақ мылтығымен атып өлтірген. Қылмыстық топтың Атырау облысы аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1549 рет қаралдыБасты бет Поделиться:
formulasna.kz

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет