Атырау, 26 маусым 17:02
Кешке ашық+28, түнде +22
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 378.83  € 430.99  P 6.04

Заңсыз бутерброд

10 желтоқсан 2012 17:55

Атырау облысы бойынша қаржы полициясы департаменті қылмыстық жолмен ауланған бекіре тұқымдас балықтарды сатып алу және сату фактілері бойынша екі қылмыстық іс қозғады.

Атырау қаласындағы «Самұрық»  және «Терем у Гаджи» мейрамхана кешендерінің менеджері және аға әкімшісіне белгісіз тұлғалардан жалпы сомасы 185 мың теңге тұратын 125 кг бекіре тұқымдас балық сатып алған деп айып тағылып отыр. Осы уақытта қылмыстық іс тергеу кезеңінде.

- Мейрамханалар мен кафелерде бекіре балықтарынан дайындалған жеңсік ас үлкен сұранысқа ие, - дейді Атырау облысы бойынша ЭСЖҚД (қаржы полициясы) баспасөз хатшысы Алтынай МҰХТАРОВА. – Алайда, тәжірибе көрсеткендей, заңсыз ауланған қызыл балық заңсыз жолдармен үстелге келіп жатады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1741 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4 5