Атырау, 29 қараша 20:34
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Жалған телефон терроршыcы 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді

3 017 просмотра

Атырау қалалық соты полицияға қоғамдық орындарда жарылғыш заттар қойылғаны туралы үш рет қоңырау шалған 29 жастағы жалған терроршыға үкім шығарды.

Алғашқы қоңырау 2012 жылғы 9 тамызда шалынған еді. Онда қалалық ЖШС кеңселерінің бірінде, жеделсаты ішінде бомба қойылған деп хабарланған болатын. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат берілсе де, қайтадан осындай қылмысқа барған.  

Ол 2012 жылғы 12 қыркүйекте, Құлсары қаласында терроризмге қатысы бар деген топты құрықтау бойынша арнайы операция өткізілген күні полицияға «Насиха» сауда үйіне, екі сағаттан кейін №17 орта мектепке бомба салынған деп хабарлаған. Тексеру ақпараттың жалған екенін көрсетті. Сол күні, 12 қыркүйекте криминалдық полиция қызметкерлері оны тұтқындады. Құлсарыдағы оқиға мен жалған телефон хабарламасы арасындағы байланыс расталмады. Тергеу барысында барлық қоңыраулар алкогольдік мас болу жағдайында соғылғаны белгілі болды.

Қалалық сот ҚР ҚК-тің 242-бабы бойынша (Терроризм акті бойынша жалған хабарлама беру) сотталушы 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, 2012 жылы наурызда Атыраудағы орта кәсіптік-техникалық мектеп (оқу комбинаты) ғимаратына «бомба салған» жасөспірімге де үкім шығарылды. Ол ҚР ҚК-тің 242-бабы бойынша (Терроризм акті бойынша жалған хабарлама беру) айыпты деп танылып, «ата-ана қарауына берілді».

№2 сот 10-сынып оқушысының жасына, жасаған ісіне өкінуіне және жақсы мінездемесіне қарап, бір жыл бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі.

Естеріңізге салсақ, 2012 жылғы 16 наурызда таңғы сағат 8.53-те белгісіз біреу Атырау облыстық ІІД-нің кезекші бөліміне Жилгородоктағы кәсіптік мектептің ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы телефон шалады. Бірнеше минуттан кейін мектепке саперлер мен кинологтар келіп жетеді. Оқушылар мен мұғалімдер ғимарат сыртына шығарылады. Нәтижесінде дабылдың жалған екені анықталады.

Шұғыл іздеушілер қоңырау мектептің вахтасынан соғылғанын анықтады және сол күні телефон терроршысының өзін де ұстады. Ол осы мектептің 10-сынып оқушысы болып шықты. Жасөспірім мұны сыныптасының: «Полицияға телефон соғып, қалжыңдай алмайсың» деген сөзіне  бәстесіп, «102» нөміріне бомба туралы хабарлағандығын мойындады.  

Сауле ТАСБОЛАТОВА

11 қаңтар 2013, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.