Атырау, 11 желтоқсан 14:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Өзін өзі "тонаған"

2 128 просмотра

Полицияларға болмаған қылмыс туралы жалған хабар бергені үшін Атырау қаласының тұрғыны 37 жастағы әйелге 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

8 қаңтарда осы әйел ҚІІБ-нің кезекші бөліміне Азаттық даңғылы бойындағы «Айко» дүкені маңында өзін төрт адамның тонағаны, оның екеуінің камуфляжды киім кигені жөнінде хабарласқан. Оның айтуынша, қылмыскерлер үстіндегі 2500 доллар тұратын күзен тоны мен  4000 доллар тұратын «Vertu» телефонын алып кеткен. Осы оқиға бойынша полиция қызметкерлері  ҚР ҚК-нің 178-бабы 3-тармағы бойынша («Тонау») қылмыстық іс қозғады. Арыз берерде әйелге ҚР ҚК 351-бабы бойынша («Қылмыс жасалғаны туралы жалған хабар беру») жауапкершілік туралы ескертілді.

- Шұғыл-іздестіру шаралары барысында ұялы телефон «Насиха» сауда үйіндегі телефон сататын дүңгіршектердің бірінен, ал тон – Махамбет көшесі бойындағы ломбардтан табылды. Тексеру барысында арыз беруші сол жерлерге өз заттарын –телефонды 25 000 теңгеге, тонды 40 000 теңгеге тапсырып кеткен, - дейді Атырау қалалық ІІБ-ның криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВ.

Жалған жәбірленуші соңынан мойындағандай, тонау туралы оқиғаны ол ақша бермейтін күйеуіне қырсығып ойлап тапқан екен. Қазіргі уақытта бұл әйелге қатысты ҚР ҚК 351-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

М. Тағаниязов осыған ұқсас басқа оқиға туралы айтты:

- Өткен жылдың аяғында ҚІІБ-на белгісіз адамдар пәтеріне кіріп, 73 000 доллар ұрлағаны жөнінде бір қыз хабарласты. Шұғыл-іздестіру шаралары барысында мұның жалған екені анықталды. Арызданушы мұны таныстарына өзінің «бай» екенін білдіріп, қыр көрсету үшін жасағанын мойындады. Бұл оқиға бойынша да тергеу жүргізілуде. Мұндай нәрсемен ешкімнің айналыспағанын қалар едім. Шындық бәрібір жарыққа шығады және «жәбірленуші» айыпталушыға айналады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

12 қаңтар 2013, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.