Атырау, 13 қазан 06:29
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Вандалдармен қайта қауыштық

2 372 просмотра

Атырау қалалық ІІБ криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері байланыс кабельдерін ұрламақшы болған үш қарақшыны қолға түсірді.

- Ұсталғандардың біреуі ғана кәмелеттік жасқа жеткен, қалған екеуінің бірі -16-да, ал екіншісі – 17 жаста. Олардың үшеуі де колледжде оқиды, - деп әңгімелейді Атырау қалалық ІІБ криминалды полиция бөлімі бастығының орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВ.  – Телефон сымдарын жігіттер пышақпен кесіп алып, оларды көлікжайда өртеген. Қылмыстық жолмен табылған мысты металл өткізетін жерге тапсырған.

Полицейлердің айтуынша, ұсталғандар бірден өздері жасаған қылмыстарын мойындаған. Бүгінгі күні жедел топ қызметкерлеріне осы ұрылар жасаған кем дегенде алты ұрлық белгілі болып отыр. 175-бап («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс көтерілді. Сондай-ақ, байланысшыларға келтірілген шығын көлемі анықталуда. Оның көлемі кабельдің құнынан, оның үстіне металды қабылдау қосынының балаларға берген сомасынан артық деп жорамалданып отыр.

Тамара СУХОМЛИНОВА

4 желтоқсан 2012, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.