Атырау, 19 наурыз 07:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Бөтелкелесін тұншықтырып өлтірді

1 892 просмотра

Атырау қаласының маңында ащы суға тойғандардың жанжалы кезінде келімсек жұмысшы бақилық болды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 26 қарашада шамамен сағат 21-де қала маңындағы Жұмыскер-2 ауылындағы салынып жатқан тұрғын үйлердің бірінде зорлықпен өлтірілген ер адамның мүрдесі табылған. Атырау қаласы ІІБ криминалды полиция қызметкерлері күдікті деген 25 жастағы Қызылқоға ауданының тұрғынын ұстады. Оны уақытша қамау изоляторына тоғытты.

Тергеу барысында жәбірленушінің Өзбекстанның Ходжелі қаласының 1968 жылы туған азаматы екендігі анықталды. Ол қызылқоғалық азаматпен бірлесіп арақ ішкен, екеуінің арасында туындаған жанжал салдарынан жерлесіміз өзінің бөтелкелесін тұншықтырып өлтірген. Істің мән-жайы анықталуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 қараша 2012, 20:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.