Атырау, 25 сәуір 20:44
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қылмыстық хроника

1 617 просмотра

21 қарашада Махамбет селосындағы кафелердің бірінде 32 жастағы қоғамдық тамақтану орнының қызметкері клиентіне бас салып, жеңіл дене жарақатын салған.

***

21 қараша күні тал түсте Махамбет көшесіндегі дүкенде белгісіз біреу сатушыға шабуыл жасап, оның 30 мың теңгесін тартып алған. Тергеу жүргізілуде.

***

23 қарашада күндіз Құрсай поселкесінде Балықшы полициясы бөлімшесінің қызметкерлері 36 жастағы жергілікті тұрғын жүргізіп келе жатқан ВАЗ-2110 көлігін тоқтатқан. Көлік салонынан 144 келі сазан табылды.

***

Полиция Жұмыскер поселкесіндегі 28 жасар алаяққа іздеу жариялады. Оған үш қылмыс бойынша айып тағылып отыр. Бірінші жағдайда, ол жер учаскесін алып беруге уәде етіп, жеке кәсіпкер әйелден 4 млн теңге алған. Екі басқа жағдайда, мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге көмектесемін деп уәде етіп, 600 мың және 180 мың теңге алыпты.

***

24 қарашада түнгі сағат 2-де полицияға ЖШС-лердің бірінде моторшы боп жұмыс істейтін украиналық мейман Привокзальныйдағы мейманханада белгісіз біреу күш қолданып, оның 5 мың теңгесін, 100 долларын және алтын жүзігін алып кеткенін хабарлады. Тергеу жүргізілуде. 

***

25 қарашаға қараған түні Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны полицияға Азаттық даңғылы бойындағы кафелердің бірінің жанында белгісіз біреудің өзін соққыға жығып кеткенін хабарлады. 28 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

28 қараша 2012, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.