Атырау, 29 қараша 20:31
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қолхат беріп, кәсібіне қайта оралды

3 284 просмотра

Қаңтардың басында Атырау қалалық ҚІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері үш қылмыстық топты қатар ұстады. Бір қызығы, топтардың бірінің мүшелері сол ұсталған уақытта осындай қылмыс жасағаны үшін тергеуде болған екен.

- Қаладағы дүкендерді тонауды кәсіп қылған үш жас жігіттен тұратын топ өткен жылдың қараша айында ұсталды. Сол кезде олардың қазан-қараша айларында 17 ұрлық жасағандары анықталды. Олар ұялы телефондар үшін бірліктер, шылымдар, алкогольдік сусындарды ұрлаған. Оларға басқа жаққа кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған болатын, - дейді Атырау қалалық криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВ. – Қаңтардағы ұстау кезінде тергеу жүргізіліп жатса да, тағы осы секілді 8 ұрлық жасаған. Бұл жолы олар қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Атырау қаласының криминалдық полициясы тонаумен айналысқан екі қылмыстық топты ұстады. Мақаттың үш тұрғынынан тұратын бір топ желтоқсан-қаңтар айларында Атырауда жаяу жүргіншілерден, соның ішінде жасөспірімдерден ақшалары мен ұялы телефондарын тартып алып, төрт тонау қылмысын жасаған. Жапа шегушілер бұл үшеуін танып отыр.

Басқа бір топта Атырау қаласының екі тұрғыны болған, олардың екеуі де тонау қылмысын жасағаны үшін бұрын сотталған (олардың бірі мемлекетаралық іздеуде болған). Олар Авангардтағы пәтерге баса көктеп кіріп, пәтер ішіндегі екі әйелді соққыға жығып, ұялы телефон мен 40 000 теңгені алып кеткен.

Тамара СУХОМЛИНОВА

12 қаңтар 2013, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.