Атырау, 26 сәуір 12:43
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Керуен құрықталды

1 945 просмотра

Көрнекі сурет. Сурет aktau-news.kz сайтынан алынды3 желтоқсанда таңғы сағат 6-да Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында Атырау облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының (ҰҚКБ) қызметкерлері жөнелтпе құжаттарынсыз мұнай тиеген 30 тонналық автоцистернаны ұстады. Рөлде 22 жастағы Қарағанды облысының тұрғыны болды. 

Сол жерде жедел топ қызметкерлері ұйымдастырған торуылдың қолына  екі сағаттан кейін тағы да заңсыз тиелген мұнайдың үлкен бір керуені - жалпы көлемі 100 тонна болатын мұнайды тасымалдаған 5 автоцистерна түсті. Бес жүргізушінің барлығы да Жылыой ауданының тұрғындары. Тергеу ісімен ІІД ҰҚКБ және Қызылқоға аудандық ІІБ айналысуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 желтоқсан 2012, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.