Атырау, 29 қараша 13:48
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

«Бір-екі рет ұрып жібердім, бірақ тонаған жоқпын»

2 262 просмотра

Сурет akzhaikhotel.com сайтынан алынды

Бұдан бұрын, «АЖ» хабарлағандай, 17 қарашада таңғы сағат 4-те «Ақ Жайық» мейманханасының жанынан соққыға жығылып, тоналған мердігер компаниялардың бірінде жұмыс жасайтын Ұлыбритания азаматы табылған болатын.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен жапа шегуші көңіл көтерген кафеде болған 25 және 26 жастағы Атыраудың екі тұрғынын ұстаған еді. Ұсталушылардың бірі британдықтың өзі ілінісе кеткенін, содан соң бір-екі рет ұрып жібергенін, бірақ тонамағанын растады. Оның досы жауап беруден бас тартып, кінәні мойындаған жоқ.

Жапа шегушінің жұбайының айтуынша, күйеуінің жанындағы телефон ұрланып кеткен. Алайда, оқиғадан кейін жапа шегуші түскен облыстық аурухананың қабылдау бөліміндегі медбикенің берген түсінігіне сәйкес, оның күртесінің қалтасынан 96 мың теңге табылған. Осы факті тұрғысында тонау туралы болжам дүдәмал болып отыр...

Ауруханадан шыққаннан кейін британдық азамат отанына оралды. Ал оны соғып, тонады деген күдіктілер басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен үйлеріне босатылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 желтоқсан 2012, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.