Құлсары қаласындағы такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасалды.
Түнгі сағат 3-ке жақын жолаушыларды тасып, табыс тауып жүрген «ВАЗ-21015» автокөлігінің иесін үш жігіт тоқтатып, қаланың шет жағына апарып тастауды өтінген. Межелі жерге жеткен кезде жолаушылар таксисті қорқытып, қалтасындағы бар ақшасы мен заттарын тартып алған соң ұрып-соғып, оны машинаның жүк салғышына жасырған. Осы көлікпен олар қалаға қарай келген.
Жапа шеккен таксист қиылыстардың біріне тоқтағанда ғана жүк салғыштан шығып үлгеріп, бірден қалалық ІІБ-не қарай жүгірген.
- Барлық күдіктілер қолға түсті. Бұл 25 және 28 жастағы жігіттер болып шықты. Олардың екеуі бұрын сотталған. Бүгінде олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, ҚР ҚК 179-баптың 2-бөлігі «а», «г» тармақтары бойынша («Қарақшылық») қылмыстық іс көтерілді, - дейді Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі Марат ЕРМЕКОВ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА