Атырау, 23 сәуір 12:51
Кешке бұлыңғыр болады+10, түнде +9
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 377.11  € 424.21  P 5.91

Бәрі қашып жатыр

10 қаңтар 2013 00:00

Айбат СУЛЕЙМЕНОВАйбат СҮЛЕЙМЕНОВЭкономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) сайтының «Іздестіру» бөлімінде Атырау облысындағы бюджет қаржыларын ұрлау туралы кезекті сыбайлас жемқорлық ісіне қатысы бар тұлғалар туралы қосымша ақпарат пайда болды. Олардың барлығы да ҚР ҚК-нің 176-бабының 3-бөлімінің «б» тармағы бойынша (ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) айыпталып отыр.

Атап айтқанда, Атырау қаласының оң жақ жағалау бөлігіндегі су жинау және су тазарту құрылғыларын салу кезінде бюджеттің 227 миллион теңге қаржысын ұрлау фактісімен қаржы полициясы қозғаған қылмыстық іс бойынша іздеу жарияланған 6 адам туралы анағұрлым толық ақпарат пен олардың фотосуреттері жарияланды.

Естеріңізге салсақ, осы қылмыстық істің қозғалғандығы туралы қаржы полициясы өзінің 2012 жылғы 16 қарашадағы баспасөз ақпаратында хабарлаған болатын, онда есімдері мен лауазымынсыз тек фамилиялары көрсетілген еді. 

Енді Сүлейменовтің – облыстық мәслихаттағы әріптестері жаңа әкімнің қозғауымен сырттай және құлықсыз түрде депутаттық мандатынан айырған «Снабойл» ЖШС-нің қожайыны Айбат СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ дәл өзі екенін айтуға болады. «Снабойл» - соңғы жылдары облыс орталығы мен аудандардағы әлеуметтік нысандарды салуға мемлекеттік тапсырыстар бақылаусыз беріліп отырған екі компанияның біреуі. Бір қызығы, Сүлейменовке қатысты бұлтартпау шарасымен «қамауға алу» туралы қылмыстық іс үстіміздегі жылдың 21 тамызында қозғалды, ал іздестіру ісі тек 19 қарашада ғана ашылды. Біз оның осы комедияның бәріне күле қарап, жайбарақат Оралға кетіп қалғанын, сол жерде өзін әуежайда отбасы мен әзір тұрған чартерлік рейстің күтіп тұрғанын жазған едік Бәрінің де өтеуі бар» мақаласын қараңыз ).

Тізімде ұзақ жылдар бойына серіктестерінің бюджеттік «майлы шелпегін» төңіректеп жүрген, бірақ белгілі себеппен көлеңкеде қалған «Центр Строй ЛТД» ЖШС директорының орынбасары Артем ДАНЕВИЧ те (біздің сол материалдағы фигурант) бар. Басқалармен қатар «BNB Construction» ЖШС бухгалтері Гүлмира ӘЗБЕРГЕНОВАҒА, Мұрат ЖЕЛДІБАЕВҚА, Галина ВАККЕРГЕ, Ерболат ІЗБАСАРҒА – негізінен құрылыс фирмаларының басшылары мен бухгалтерлеріне іздеу жарияланған.  Бұрын бұл тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалғандығы туралы хабарланған болатын.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Сурет ҚР ЭҚжСКА сайтынан алынды

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

3142 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4 5