Атырау, 29 қараша 20:43
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қылмыс хроникасы

2 213 просмотра

9 қаңтарда кешке Миялы селосында 40 жастағы ер адам өз сарайында асылып өлген.

***

10 қаңтарда түнде Жылыой ауданы Айранкөл кен орнында өндірістегі бақытсыздық жағдайы орын алды. «Мұнайсервис» ЖШС қолданатын №167 ұңғымада бұрғылау мұнарасынан (биіктігі 20 метрдей) 52 жастағы бұрғылаушы көмекшісі құлап кеткен. Нәтижесінде оның екі қолы сынып, жақ сүйегі зақымданды. Зардап шегуші аудандық ауруханаға жеткізілді.

***

10 қаңтарда түнде Рембазда аумағы 100 шаршы метр жеке үй күл болып өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ.

***

10 қаңтарда түнде 20 жастағы қала тұрғыны Досмұхамедов көшесіндегі екі дүкенді терезе арқылы кіріп, қатар тонаған. Ұсталды.

***

11 қаңтарда сағат 16.28-де Жылыой ауданында «Оғайлы» кен орнында мұнай өнімдерінің қалдықтары бар резервуарда өрт шықты. Өрт 18:00-де «Қожан» мұнай компаниясының күшімен  өрт бөлімшелері келгенге дейін ауыздықталды.

***

13 қаңтарда түнде Атырауда 22 жасар Доссор кентінің тұрғыны Берғалиев көшесінде «Ниссан-Еуропа» автокөлігімен 40 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шегуші алған түрлі сынықтары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Сараптама тағайындалды

***

Жеке кәсіпкер полицияға өткен жылдың шілдесінде 44 жастағы танысы пәтер алуға көмектесем деп 4 млн 445 мың теңге ақша алғаны жөнінде хабарласты. Енді ақша да, пәтер де жоқ.

***

Атырау қаласының тұрғыны 11 қаңтарда полицияға Водников аулында 77 жастағы әкесі мен 54 жастағы ағасы газға уланып өлгені туралы хабарлады. Мүрделер мәйітханаға жеткізілді.

16 қаңтар 2013, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.