Атырау облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері облыс орталығынан көлікке оқ жаудырды деп күдіктелген Ақтау қаласының екі тұрғынын ұстады.
- 18-20 наурызда өткен «Құқық тәртібі» операциясының барысында криминалдық полиция қызметкерлері Ақтау қаласының екі тұрғынын ұстады. Кісі өлтіруге әрекеттенді деген күдікпен ұсталған екеуі де 1991 жылы туылған. Олар 9 қаңтарда Ақтауда «Мазда» көлігіне оқ атып, жүргізуші мен жолаушысын ауыр жаралаған, - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА. – Полиция оларды қолдарына берілген бағдар бойынша тапты.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұдан басқа, полицейлер қолдарындағы бағдар бойынша өз отанында алаяқтық жасады деп күдіктелген Өзбекстан азаматын ұстады.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА
В Атырау +4