Атырау, 30 қараша 15:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Қанды кек

3 272 просмотра

28 сәуірде сағат 22.00 шамасында Қызылқоға АІІБ-нің кезекші бөліміне аудандық орталық ауруханаға кеудесіне бытыралы оқ тиген Миялы селосының 34 жасар тұрғыны түсті деген хабарлама келді. Ол үш сағаттан кейін жан сақтау бөлімінде көз жұмды. ҚР ҚК 96-бабы бойынша («Кісі өлтіру») қылмыстық іс қозғалды.

ІІД және АІІБ қызметкерлерінен құрылған шұғыл-іздестіру тобы келесі күні күдікті – 40 жасар Сағыз селосының тұрғынын ұстады. Тергеушілер өлтіруші мен құрбанның арасында көптен бері жеккөрушілік қарым-қатынас бар екенін анықтады. Сағыздық құрбанының үйіне таксимен келіп, оны шақырып алып, ауылдан шамамен алты жүз метрдей сыртқа алып шығып, кеудесінен 16-калибрлі шолақ мылтықпен атқан. Содан кейін жайбарақат таксиіне отырып, кетіп қалған. Ұстау кезінде күдіктінің үйінен кісі өлтіру қаруы мен төрт оқ табылды. Ол уақытша қамау оқшаулағышына қамалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 мамыр 2013, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.